Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Екатерина Айдова үздік ондыққа енді.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, кезекті жарыс күнінде әйелдер арасында 1000 метр қашықтық бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтады. Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасының спортшысы Екатерина Айдова оныншы орынға тұрақтады. Бас жүлдені АҚШ спортшысы Боу Бриттани иеленсе, Нидерланд өкілі Лирдем Жутта күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола жүлде ресейлік спортшы Элизавета Голубеваға бұйырды. Ерлер арасында 1000 метр қашықтық бойынша сынға түскен қазақстандық Артур Галиев – 19, Роман Креч – 22, Демьян Гаврилов 23-орыннан көрінді.