• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2021

Атырауда медицина қызметкері оқушылар төбелесін жасырып қалған

373 рет
көрсетілді

Атырау облысының полицейлері 12-14 ақпанда «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтағаны белгілі болды. Соның ішінде медицина қызметкерінің оқушылар төбелесін жасырып қалғаны бар.

«Іс-шара кезінде 88 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 82 ата-ата мен 6 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған 79 жасөспірім әкелінді. Сондай-ақ, 2 оқушының төбелесуі салдарынан аудандық ауруханаға жүгінгені  белгілі болды. Төбелескен оқушыларды медицина қызметкері қараған. Бірақ, денсаулық сақтау саласы қызметкерінің әкімшілік құқықбұзушылық дерегін полиция органдарына уақытылы хабарламағаны анықталып отыр. Осыған орай медицина қызметкеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал ювеналды полиция инспекторлары 45 қолайсыз отбасы мен әртүрлі санатпен есепте алынған кәмелетке толмаған 18 жасөспірімге тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерінің алдын алу мақсатында 45 қолайсыз отбасымен профилактикалық түсіндіру жүргізді.

«Бала тәрбиесімен айналыспай, жүйелі түрде алкоголь ішімдігін пайдаланушы ретінде есепке тұрғанның бірі – 1982 жылы туған тұрғын. Аудан тұрғынының кәмелетке толмаған балаларының көзінше ішімдік ішкені анықталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 127-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Ішкі істер органдарының есебіне кәмелетке толмаған 11 жасөспірім мен 7 қолайсыз отбасы алынды», деп мәлім етті баспасөз қызметінен.