Ақ үйдің жанында қаруланған әйел президент Джо Байденге хат жібергісі келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Сенбі күні 66 жастағы әйел пневматикалық қаруы бар ер адаммен бірге Ақ үйдің жанындағы бақылау өткізу пунктіне барған. Тәртіп сақшыларына берген түсініктемесінде әйел Байденге хат жібергісі келген .
Құқық қорғау органдары оның көлігінен тапаншаны тәркілеп, әйел қамауға алынды.
Ал TMZ басылымы мәліметінше, ешқандай қару тіркелмеген.
Қазіргі уақытта бұл іспен АҚШ-тың құпия қызметі айналысып жатыр.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ