Қазір Атырау облысында 8 мектеп пен 11 балабақша салынып жатыр. Ал биыл тағы 3 білім ордасы мен мектепке дейінгі тәрбие беретін 6 нысанның құрылысы басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Оның ішінде Атырау қаласының «Көктем» шағын ауданында 160 орындық балабақша мен Индер ауданы Есбол ауылындағы 320 орындық мектептің құрылысы бар. Биыл балабақша және 5 мектептің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 3 170 бүлдіршін балабақшамен қамтылып, 4 мыңнан астам оқушы жаңа мектепке барады» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Әкімнің айтуынша, былтыр мектепке дейін тәрбие беретін 9 нысан ашылып, 2 мектептің құрылысы аяқталды. Соның нәтижесінде 1 360 бала балабақшамен қамтылып, 1 апатты, 1 үш ауысымды мектептің мәселесі оң шешімін тапты. Ал өңір педагогтарының қатары 309 маманмен толықты.