Алматы полициясы интернет алаяқтардың тұрғындарды алдау тәсілдері туралы айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.
№1 әдіс
Сіз қосымшада талап етілгендей ұялы телефоныңызды және басқаларын көрсете отырып, өнімді сатуды және танымал ресурстардың хабарландыру тақтасына орналастыруды жоспарлап отырсыз. Алаяқ сіз хабарландыруда көрсеткен ұялы телефон нөміріне қоңырау шалады немесе жазады, өзін әлеуетті клиент ретінде таныстырады және сіздің өніміңізді сатып алғысы келетіндігін хабарлайды, хат алмасып, ТАУАРДЫ ЖЕКЕ КЕЛІП, АЛЫП КЕТЕ АЛМАЙТЫНДЫҒЫН ТҮСІНДІРЕДІ. Кейіннен ол сізден өзі жіберген сілтеме бойынша өтуіңізді сұрайды (ол осы өнім үшін төлем жасалады деп сендіреді). Содан кейін сіз осы сілтемеге өтесіз, сіздің мобильді құрылғыңызға қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламалық жасақтама орнатылады, содан кейін алаяқ сіздің мобильді құрылғыңызға толық қол жеткізе алады, яғни ол сіздің интернет-банкингіңізді көреді (сіз өзіңіздің телефоныңыз алаяқтың қолында деп ойласаңыз болады) және сіздің барлық жинақ ақшаңыз жалған шоттарға аударылады.
№2 әдіс
Алаяқ сіз хабарламада көрсеткен ұялы телефон нөміріне “Whatsapp” мессенджері арқылы қоңырау шалып немесе жазады, өзін әлеуетті клиент ретінде таныстырады және ол сіздің өніміңізді сатып алғысы келетінін хабарлайды, хат алмасып, ТАУАРДЫ ЖЕКЕ АЛА АЛМАЙТЫНДЫҒЫН түсіндіреді. Содан кейін ол сізден өзі жіберетін сілтемеге (осыған сәйкес, тауарларды жеткізу жүзеге асырылады) өтуіңізді сұрайды. Әрі қарай, сіз сатып алушының деректерін (толық аты-жөні, жеткізілім мекен-жайы, ұялы телефон нөмірі) толтыру қажет сілтемеге өтесіз, сондай-ақ, картаңыздың мәліметтерін (картаның нөмірі, жарамдылық мерзімі және CVV коды) толтыруыңыз керек, жеткізуді немесе төлемді жүзеге асыру үшін, содан кейін нысанда көрсетілген сомма сіздің картаңыздан алаяқтың шотына аударылады.
№3 әдіс
Алаяқ сіз хабарландыруда көрсеткен ұялы телефон нөміріне қоңырау шалады немесе жазады, өзін әлеуетті клиент ретінде таныстырады және ол сіздің өніміңізді сатып алу ниеті бар екенін хабарлайды және хат алмасады, ЖЕКЕ КЕЛІП ТАУАРДЫ АЛЫП КЕТЕ АЛМАЙТЫНДЫҒЫН АЙТАДЫ, БІРАҚ КУРЬЕР НЕМЕСЕ ТАКСИ АРҚЫЛЫ ЖІБЕРУІҢІЗДІ СҰРАЙДЫ. Содан кейін ол сіздің жеке деректеріңізді (аты-жөні, ЖСН, картаның нөмірі, IBAN шоты) жіберуді сұрайды және ақша картаға жіберетінін айтады. Осыдан кейін сіздің есебіңізге тауарлар үшін қаражат түседі, бірақ іс жүзінде қаскөй сіздің жеке мәліметтеріңізді біліп, сіздің атыңызға бірнеше шағын несиелік ұйымдардан несие рәсімдейді. Алынған сомма тауарларға арналған соммадан асып түседі және алаяқ оны қате жібергенін түсіндіріп, қаражатты басқа картаға немесе абоненттік нөмірге салып жіберуін сұрайды. Содан кейін сізге курьер келіп, тауарларды алып кетеді. Бірнеше айдан кейін сіз микрокредиттік ұйымнан несиені кешіктіру туралы хабарлама аласыз.