• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2010

РУХАНИ ДАМУ

2490 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда бүкіл әлем жұртшы­лығы экономикалық дағдарыстың қиын­­дықтарын бастан өткеруде. Со­ған қарамастан, парасатты қайырым­дылық саясатын жүргізіп, саналы іс атқару, көмекке зәру, әрі демеуші­лік­ке мұқтаж жандарға жәрдемдесумен айналысудың үлкен әлеуметтік жауап­кершілік екені белгілі. Мемле­кет­тің рухани дамуымен, сан-салалы тың жобаларды іске асыру­ды белгілі жолға қойған Қазақ­стан Рес­публика­сы Тұңғыш Президентінің Қо­ры жыл басынан бері ағартушылық, білім, мәдениет салаларында әлеумет­тік, экономикалық маңызы бар сан алуан қыз­мет атқарды. Ғибратты істер туралы қысқаша мәліметті Қордың атқарушы ди­рек­торы Бектас Ғафурұлы МҰХА­МЕД­ЖАНОВТАН білген болатынбыз. Халықаралық, республикалық маңызы бар жиындар: Ақпан айында Қазақстан Респуб­ли­касы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты, АҚШ пен Канада инс­титуты Ресей Ғылым академиясы­мен бірге “XXІ ғасырдағы халықара­лық қауіпсіздік архитектурасы: Еура­зия­ның жаңа концептілері” атты ха­лық­аралық конференция ұйым­дас­тырды. Іс-шара­ға Ресей мен Қазақ­стан­ның көр­некті саясаткерлері, сон­дай-ақ қауіпсіздік сала­сындағы жетекші сарапшы маман­дар қатысты. Жиынның мақсаты – ха­лық­аралық қауіпсіздік мәселесіне бай­­ла­нысты сұхбат алаңын қалыптас­тырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау процесіне қосқан үлесін, еңбегін айқындау. Сондай-ақ, Қорда “Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуындағы Қа­зақ­стан Республикасы Тұңғыш Пре­зи­дентінің рөлі” тақырыбында лекция өтті. Іс-шараға көрнекті қоғам және мем­лекет қайраткерлері қатысты. Олар: ҚР Тұң­ғыш Президенті Қорының атқарушы ди­рек­торы Б.Ғ.Мұхамеджанов, заң ғы­лым­дарының докторы, профессор, Қазақ­стан Республикасы Ұлттық ғылым академия­сының академигі С.С.Сартаев, Қазақстан Рес­публикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акаде­мия­сының про­фессоры З.Л.Федотова. Қорда жас­тар­­ға арналған мұндай тарихи тағылымы мол лекциялар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі 2010 жылдың 18-19 наурызында “Қа­зақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зи­­дентінің Қоры” Қоғамдық Қоры және Халықаралық қазіргі саясат инс­титуты Алматы қаласында “Интеллек­туалды жасампаз қоғам: білім және жаңа технологиялар” тақырыбындағы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәр­меңкесін өткізді. Жәрмеңкенің мақсаты - азаматтық қоғамның және институт­тардың жандануына көмектесу, ең үздік жобалар мен идеяларды тәжірибе жүзін­де іске асыру, сұхбат алысуға мүм­кіндік ашып, жұмыс жасау үшін байланыс­тар­ды дамытуға көмектесу, қоғам инсти­тут­­­­тарын тең құқылы серік­тестік заң­да­ры­­­мен қамтамасыз ету және т.б. Жәр­меңке мына номинация­лар бойынша өт­кізілді: “Білім жүйесінің инновация­лық дамуы”, “Білім және қоғам”, “Мек­­­тепке дейінгі оқудағы инновация­лық технологиялар”, “Білім, ғылым жә­не өндіріс”, “Ерекше” балаларды білім­мен қолдау”, “Оқу-әдістемелік және білім әдебиеті”, “Білім, денсаулық, үйлесім”. Сарапшы комиссиялардың шеші­мі­мен жәрмеңке жеңімпаздары болып 28 үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйымдар танылды. Мәдениет: Ақпан айында Ұлы Отан соғысы­ның ардагері Л.В.Скалковскийдің “Мәңгілікке кеткендер” кітабының тұ­сау­кесері өтті. Кітап Ауғанстаннан әс­кер­лердің шығу күніне орай, Қа­зақстан Рес­публикасы Тұңғыш Пре­зиденті Қо­ры­ның қолдауымен жарыққа шыққан. Іс-шара аясында “Ауған соғы­сының ардагерлері мен “Казахстанская правда” атындағы Майдан клубының” тұсау­ке­сері өтті. Басты мақсат – кең қоғам­ның назарын рухани-өнегелі және пат­риоттық тәрбие мәселесіне аудару, жас­тарды осы құндылықтарға тәрбиелеу. Сонымен қатар, 8 наурыз халық­ара­лық әйелдер күні мерекесін тойлау қар­саңында “Жалынды жүрек көк­темі” ат­ты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара барысында Қор ұйымдастырған “Кезеңдік қазақ ро­манстары” композиторлар бай­қауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Байқауға 8 кезең ұсынылған. Жұмыс нәтижесі бойынша 3 жеңімпаз анықталды. Шығармашылықтағы жастарды қолдау аясында, Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер академиясы сту­денттерінің 9 дипломдық жұмы­сын жүзе­ге асыру үшін гранттар бөлінді. Жыл сайын дәстүрлі түрде жария­лана­тын “Сапарларға гранттар” байқауына өнер және мәдениеттегі жас шығар­машылық қайраткерлерінен 5 өтініш келіп түссе, оның бесеуіне де демеуші­лік көмек көрсетілмек. Ғылым: Ғылым саласындағы “Сапарларға гранттар” байқауына жылдың басы­нан бастап 8 өтініш түскен, олардың ішіндегі екі жас ғалымға “Физика мектебі” (Ресей) бағдарламасына және Халықаралық Полимер кон­ференциясына (Германия) қатысуға демеушілік қолдау көрсетіледі. Қазіргі кезде қазақстандық жас ғалымдардан “Ғылыми зерттеулер үшін гранттар” байқауына және “Сту­денттер арасындағы республи­калық табиғи, техникалық және гуманитарлық ғылым­дар бойынша үздік ғылыми жұмыстарға” өтініш қабылдау аяқталуда. Әл-Фараби: “Ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғы­лым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш” деп көрсетеді. Сон­дықтан парасаты мол саясатты жүргізген Қор ұжымы алдағы уақытта да жалынды жастар мен қам көңіл жандардың рухани дамып, білім, ғылымға ден қоюына тал­пындыратын тағылымы мол қызмет­тер атқарып, үлгі болмақ. Маржан ОМАРОВА, журналист.