Күнбағыс майының литрі мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz
Күнбағыс дақылын өндіруде көш бастап тұрған Шығыс Қазақстан облысы жуықта шикізатсыз қалуы мүмкін. Бұл сейкесінше, күнбағыс майының қымбаттауына әкеліп соғуы ықтимал.
Майлы дақылдар тікелей Қырғызстанға, Өзбекстан мен Түркияға тасымалданады. Осының салдарынан жергілікті май зауыттары шемішкесіз қалып отыр. Ашынған май өндірушілер амалдың жоқтығынан жағдайға үкіметтің араласуын сұрайды.