• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Өнер 19 Ақпан, 2021

Табиғат суретшісі

668 рет
көрсетілді

Ұлттық музейде Қазақ­стан Суретшілер одағы­ның мүшесі, Дизайн ака­демиясының акаде­мигі, суретші Төлеғазы Бай­ға­лиевтің «Туған өлке» ат­ты жеке көрмесі ашылды.

Көрме мақсаты – танымал суретші Т.Байғалиевтің қағаз бен кенеп бетіне өр­нек­телген туған өлкеге ар­нал­ған шығар­маларын өнер­сүйер қауымға кеңінен наси­хаттау.

Жиында беташар сөзді Ұлт­тық музейдің ғылыми хатшысы Саялбек Гиззатов сөйледі.

«Еліміз тәуелсіздік алған­нан бастап бейнелеу өн­рінде де көптеген сурет­ші­міз­дің шы­­­ғармашылық табыс­тарға қол жеткізгені бар­ша­мызға аян. Со­лардың бірі де біре­гейі – қазақ бей­нелеу өне­рінің қыл­қалам ше­бері, суретші Төлеуғазы Байғалиев. Оның еңбегі көл-көсір. Оның туын­ды­лары ес­тияр көрермен­дер­дің жүрек төрінен орын алып, көпшіліктің көңілінен шығады деген ойдамын», деді С.Гиззатов. Одан кейін қыл­қалам шеберінің же­тіс­тіктерін жіпке тізді.

Автор – пейзаж, графика, тарихи жанрларда табиғатпен үндесе жұмыс істейтін санау­лы суретшілердің бірі. Өнер иесі жыл бойы табиғат түс­терінің өзгерісін адамның көңіл кү­йі­мен үндестіре отырып, оны күн­­делікті қағаз бетіне түсіріп отырады. Оған «365+1» кар­тиналар сериясы дәлел. Автордың туындыларынан ту­ған жерге деген ерекше сүйіс­­пеншілігін көреміз. Ол өзі­­нің картиналарында туған же­рінің тамаша табиғатын суреттеп қана қоймай, Алаштың алыптары А.Құнанбаев, Ш.Құ­дайбердіұлы, М.Әуезов сынды даналарымыздың кіндік қаны тамған топырақты әлемге таныта білді.

Шара барысында Көркем­өнер академиясының вице-президенті Ерлан Сақыпов, Мәдениет саласының үздігі, Қа­зақстан Суретшілер одағы­ның мүшесі Динара Нө­гер су­рет­шінің картина жазу мә­нері мен техникасының ерек­шелігіне, тұл­ғалық қасиетіне тоқтала ке­ліп, Суретшілер ода­­ғының атынан Алғыс хат та­быс­тады.

Экспозицияға суретші Т.Бай­­­­ғалиевтің 100-ге жуық көз тартар сұлулығымен ерек­ше­­­ленетін пейзажы мен терең тарихтан сыр шер­тетін өнер шы­ғармасы қа­лың жұрт­шылық на­зарына ұсы­нылды.