• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2021

Биыл Павлодарда жаңа аурухана салынады

160 рет
көрсетілді

Жаңа көпсалалы аурухана облыс орталығының «Достық» мөлтек ауданында салына бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы жаңалықты облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов тұрғындармен есептік кездесуде жария етті. Жаңа аурухана 500 орын науқасты қабылдай алатындай етіліп салынады. Мұндай ірі медмекемелер облысымызда кеңестік кезеңнен бері бой көтермеген.Сондай-ақ басқа да медицина орталықтарын дамыту жалғасын таппақ. Мәселен, 1-қалалық аурухана әрі қарай жетілдірілмек. Мұнда гибридтік ота жасау бөлмелері секілді заманауи жабдықтар орнатылмақ. Екібастұзда қалалық аурухананың инфекциялық бөлімін дамыту көзделуде. Қолға алынатын іс-шаралар онымен шектелмейді.

– Кардиологиялық орталықты толыққанды кардиохирургиялық орталық деңгейіне жеткізбекпіз. Жерлестеріміз айлап кезек күтіп отырмаулары тиіс. Біздің міндет – кезек күтудің уақытын барынша қысқартып, барлық көмекті бір жерден көрсетуге қол жеткізу, – дейді Әбілқайыр Сқақов. 

Осы аталған іс-шаралардың барлығы медициналық кадрлар саласын дамытуды, білікті кадрлармен қамту мәселесін күшейтуді талап етеді. Әбілқайыр Сқақов денсаулық сақтау басқармасына осы бағытты қатаң бақылауға алуды бұйырды.Былтыр Павлодар облысы жедел жәрдем қызметі Қазақстанда үздік деп танылып, оның автопаркі түгелдей жаңартылды. Шалғайдағы аудандарға бірегей жылжымалы медкешендер жөнелтіліп, өңірге «С» санатындағы «Hyundai H350» реанимобильдері келді. 2020 жылы Павлодарда қысқа мерзім ішінде жаңа модульдік инфекциялық орталық ашылды. 1-қалалық аурухана кеңейтіліп, қабылдау бөлімінің ауданы ұлғайды.