Атырау облысында 11 мектеп пен 56 балабақша салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысында осы мәселе талқыланды.
Депутаттық фракциясының жетекшісі Нұрлыбек Ожаевтың мәліметінше, алдағы бес жылда өңірде 6 480 орындық 11 мектептің, 12 850 орынға есептелген 56 балабақша мен 610 орны бар 6 жатақхананың құрылысы жүргізіледі.
Сондай-ақ, 22 спорт кешені бой көтереді. Бұл тұрғындарды бұқаралық спорттың инфрақұрылымымен қамтуды 38 пайызға жеткізбек. Бұған қоса 10 медициналық нысанның құрылысын жүргізу жоспарға енгізіліпті.