• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2013

Күннен қуат алатын вагондар

360 рет
көрсетілді

Жақында ақпарат құралдары өкілдерімен жүздескен Жарма ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтарқанов елді елең еткізетін жаңалықты хабардар етті.

Жақында ақпарат құралдары өкілдерімен жүздескен Жарма ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтарқанов елді елең еткізетін жаңалықты хабардар етті.

– Жайлауға машықтан­ды­рылған вагондар көшіп-қонуға ыңғайлы. 30 градус аяз бен 40 градус ыстыққа ша­қ­талған вагондарға деген сұра­ныс күннен-күнге артып келеді. Бұл өз кезегінде мал шаруа­шылығымен айналысатын шаруа­шылықтардың жұмысын жеңілдетпек, – деді аудан әкімі.

Екі бөлмелі шағын баспана­ның жаңалығы – күн сәулесі батареясы және жел арқылы өзін өзі қамтамасыз етеді. Бұған қоса, газбен жылыту пештері де қосымша орна­тыл­ған. «Жарма Құрылыс Газ» ЖШС-інің басшысы Вик­тор Исабаевтың айтуына қара­ғанда, вагондардың құны 1 млн. 900 мың теңгеден 3 млн. теңгеге дейінгі аралықта.

Алғашқы «шағын баспана­лар» Бесқарағай және Ка­тон-қарағай аудандарына жөнел­тілді. Сұраныс басқа аудандардан көптеп түсе бастады.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар