Тараз қаласындағы «Астана» шағын ауданынан өнерге құштар 600 өренге арналған көркемөнер мектебі ашылды. Ол екі ауысымда 1300 оқушыны қабылдай алады.
Тараз қаласындағы «Астана» шағын ауданынан өнерге құштар 600 өренге арналған көркемөнер мектебі ашылды. Ол екі ауысымда 1300 оқушыны қабылдай алады.
Мектепте 21 білікті ұстаз дәріс береді. Олар көркемөнер сырына құштар балаларға сурет, живопись, дизайн, өнер тарихы, мүсіндеу өнерінің түрлері сияқты түрлі пәндерден сабақ береді.
Мектеп – көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатына орналасқан. Оны заман талабына сай мектепке айналдыру үшін 14 миллион 319 310 теңге жұмсалыпты.
Талантты ұл-қыздарды оқытып, тәрбиелейтін ғажайып білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғани Сәдібеков пен Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков қатысып, өнерлі балалардан болашақта әлемге танымал үлкен туындылар күтетіндерін айтып, тілектестік білдірді.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Тараз.