• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Ақпан, 2021

Солтүстік өңірлерді дамытудың Жол карталары

255 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясы Парламент Мәжілісінің сайлауынан кейін бір ай уақыт ішінде өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарын әзірледі.

Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында әрбір өңірде, қала мен ауданда жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін нақты нысаналы индикаторлар мен мерзімдер белгіленіп, сондай-ақ оған жауапты орындаушылар айқындалды.

Сонымен, партияның ор­та­лық аппаратының баспасөз қыз­меті биыл еліміздің солтүстік өңір­ле­­рі­нің тұрғындары үшін қолға алы­на­тын жұмыстар туралы мәлім­деді.

Ақмола облысында алдағы 5 жылда 1948 көрсеткіш пен 5175 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы 16,4%-ға, 2022 жылы – 38,3%-ға, 2023 жылы – 59,9%-ға, 2024 жылы – 80,3%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады. Биылдың өзінде 27 медициналық нысанның 14-і, 119 мектептің 37-сі, 21 балабақшаның 5-еуі, 60 спорт нысанының 22-сі салынады. 5 жыл ішінде 3,4 млн шар­­­шы метр тұрғын үй салынып, 80 мыңнан астам жұмыс орны ашы­­лады және басқа істер атқары­лады.

Қостанай облысында 2215 көр­сеткіш пен 6491 іс-шараны орындау жоспарланған. 2021 жылы өңір­­лік сайлауалды бағдарлама 20,1%-ға, 2022 жылы – 40,1%-ға, 2023 жылы – 60%-ға, 2024 жы­лы – 79,9%-ға, ал 2025 жылы толы­ғы­мен жүзеге асырылады. Осы жыл­­дың соңына дейін 2803 км авто­жолдың 480 шақырымы, 923 км су­мен жабдықтау құбырының 160 ша­қырымы, 207,6 км газбен жаб­дық­таудың 44,4 шақырымы салынып, реконструкцияланады. Жал­пы, 80 мың жұмыс орнын құру, 42 жаңа кәсіпорын ашу және кеңей­ту, 2,2 млн шаршы метр тұр­ғын үй са­лу жоспарланған. Қос­танай қала­сында 1750 орындық студенттерге арналған 4 жатақхана салу, сон­дай-ақ тұрғын үй сатып алуға несие беру, көтерме жәр­демақы беру жә­не тағы басқа арқылы «Дипломмен – ауыл­ға!» бағ­дар­ламасы бойынша 1500-ден астам білікті жас маманды әлеу­меттік қолдаумен қамту жоспарлануда.

Павлодар облысында Жол картасы аясында 2691 көрсеткіш пен 1888 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы партияның сайлауалды бағдарламасы 16%-ға, 2022 жылы – 34%-ға, 2023 жылы – 58%-ға, 2024 жылы – 73%-ға және 2025 жылы 100%-ға іске асырылады. 2021 жыл­дың өзінде 14 000 пәтердің 2 444-і, 3 медициналық нысан, жастарға арналған бір жатақхана, 5 мектептің 2-еуі, 28 спорт нысанының 5-еуі салынады. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 364 нысанның 161-і қайта бейімделеді. 5 жыл ішінде 69 мың жаңа жұмыс орнымен қамта­масыз ету жоспарлануда. Сон­дай-ақ Nur Otan партиясы жеңіл­детілген несие беруді, келі­сім­шарттық қаржыландыру тетігін, ауыл шаруашылығы өнім­дерін қайта өңдеу бойынша техника, жаб­дықтар лизингін кеңейту ар­қы­лы дихандарға барынша қол­дау көрсетуге ниетті. Егіс алқап­тарын кеңейту, көтерме-тарату орта­лықтарын салу сияқты тағы да басқа істер көзделіп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында 2078 көрсеткіш және 1134 іс-шара бекітілді. 2021 жылы Nur Otan сайлауалды бағдарламасы 21%-ға, 2022 жылы – 47%-ға, 2023 жылы – 74%-ға, 2024 жылы – 88%-ға жә­не 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады. Осы жылы 2,7 мың км ав­тожолдың 394 шақырымы, 489,7 км сумен жабдықтаудың 127 ша­қырымы, 80 км жылумен жабдық­таудың 17 шақырымы, 280,8 км су тартудың 58,7 шақырымы салынып, реконструкцияланады.

2025 жылға дейін 65 мың жұмыс орны ашылып, 8,9 мың пәтер, 11 ме­дициналық нысан, 96 спорт нысаны, 2 мектеп және жастарға арналған 5 жатақхана салынады.

Баспасөз қызметінің мәлі­метін­ше, бұған дейін Мәжілістегі Nur Otan фракциясының отырысында пар­тияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бо­йынша республикалық Жол кар­тасы бекітілген. Барлық сайлауал­ды уәделермен nurotan.kz және nurotan2021.kz.сайттарынан таны­суға болады.