• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Ақпан, 2021

Мұхтар Тілеуберді Швейцария Парламентінің жоғарғы палатасының экс-президентімен кездесті

97 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцария Конфедерациясының Федералдық жиналысы Кантондар кеңесінің бұрынғы президенті, «Қазақстан-Швейцария» парламентаралық достық тобының тең төрағасы Филиппо Ломбардиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келіссөздер барысында екі тарап саяси және экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Екі елдің заңнамалық органдары арасындағы одан әрі өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан мен Швейцария халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін М. Тілеуберді Ф. Ломбардиге II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.