• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2013

Актіге қол қойылды

346 рет
көрсетілді

Париждегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Салық мәселелері жөніндегі өзара әкімшілік жәрдем көрсету конвенциясына қосылу туралы актіге қол қою рәсімі өтті.

Еліміздің Үкіметі атынан құжатқа Қазақстанның Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Дәненов қол қойды.

Қазіргі уақытта аталған Конвенцияға 63 мемлекет қосылған. Оның негізгі мақсаты халықаралық деңгейде салықтан жалтаруға қарсы күресу болып табылады. Мүше мемлекеттер бір-біріне ақпаратпен алмасу, салық бақылауын өткізу, сондай-ақ, салықтық қарыздарды қайтару және т.б шаралар арқылы өзара қолғабыс көрсетіп отырады.

Белгіленген тәртіпке сәйкес, Конвенция мақұлдаудан өткеннен кейін үш ай мерзім ішінде күшіне енеді. Бұл елімізде және басқа да мемлекеттерде қазақстандық жеке және заңды тұлғаларға салықтық бақылауды жүйелендіруге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар