• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2013

*Жеделхат

311 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті»

АҚ президенті С.Абдрахмановқа

2014 жылдың І жартыжылдығына «Егемен Қазақстан» газетіне жазылуда мақтааралдықтар 3686 дана межеге қол жеткізді. Жазылым әлі де жалғаса беретінін хабарлаймын.

 Еліміздің қиыр оңтүстігінде орналасқан Мақтаарал ауданы биыл жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Ауданда жыл басынан бері 8 мектеп салынса, басты дақылымыз мақтаның әр гектарынан 30 центнерден өнім жиналды. 22,4 мың га. жерге егілген бақша дақылдарынан да жылдағыдан мол өнім жиналды.

 Сізді және ұжымыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Серік ТҰРБЕКОВ,

Мақтаарал ауданының әкімі.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

* Жазылым – 2014

*  *  *

Зайсанның қойнауы қазынаға толы көмірі 20 жылдан бері халық игілігіне жарап келсе, биылдан бастап көгілдір газ шалғайдағы ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеуде. Оның сыртында Зайсанның мұнайы да жақын арада ел экономикасын арттыруға үлес қоспақ. Аудандағы құрылыс материалдары, ұн тарту, сүт, балық  зауыттары да қалыпты ырғақпен жұмыс істеп тұр. Биылдың өзінде жаңадан 200 жұмыс орны ашылды.

Міне, осындай өркенді өзгерістер туралы ел газеті «Егемен Қазақстанда» тұрақты жазылып келеді. Ауданда келер жылға 1200 адам бас басылымға жазылды. Жазылу әлі жалғасып жатыр.

Алмас ОҢДАҚАНОВ,

Зайсан ауданының әкімі.

Шығыс Қазақстан облысы.

Біздің аудан облыстағы астықты өңір болып табылады. Соңғы жылдары мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Аудан тұрғындары шағын және орта кәсіпкерлікті кеңінен игеруде. Жаңадан өнеркәсіп орындары ашылып, жергілікті тұрғындар жұмысқа орналасуда. Ауылдарда ауызсу мәселесі шешіліп, жол қатынасы жақсара түсті. Бір сөзбен айтқанда, халықтың тұрмысы түзеліп келеді. Соның нәтижесі болса керек, жыл өткен сайын еліміздің бас басылымы – «Егемен Қазақстан» газетіне жазылушылар қатары көбейе түсуде. Алдағы жылы 760 отбасы «Егеменді» алдырып оқитын болады.

Аманғали БЕРДАЛИН,

Әйтеке би ауданының әкімі.

Ақтөбе облысы.

*  *  *

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС 2014 жылға арналған баспасөзге жазылу науқанына белсене атсалысты. Кәсіпорынның жұмысшы, қызметкерлері 300 дана «Егемен Қазақстан» газетіне жазылды. «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Виктор Щукин өзі бас болып, мемлекеттік тілге қолдау көрсетуде. Осы мақсатта кәсіпорында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану бөлімі ашылды. Мақсаты – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және іс-шараларды мемлекеттік тілде жүргізу. Қазақ тілін үйрену курстарына 300-ге жуық кәсіпорын қызметкерлері жазылды. Кәсіпорында «Қазақ халқының этномәдениеті кабинеті» ашылды. Бұған кәсіпорын қазынасынан едәуір қаражат бөлінді.

Манар ЕРБОТИНА,

мемлекеттік тілді дамыту  және қолдану бөлімінің басшысы.

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы. 

Соңғы жаңалықтар