Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылай келіп, Қазақстан мен Беларусь, әсіресе, Кеден одағы аясында етене ынтымақ орнатқан сенімді саяси және экономикалық әріптес елдер екенін сөз етті. Сұхбаттастардың пікірінше, екі мемлекет президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконың маңызды кездесулері екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға айрықша ықпал етеді.
Мәжіліс қызметіне тоқталған Н.Нығматулин Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын, сондай-ақ, екі ел президенттерінің интеграциялық үдерістер мен стратегиялық келісімдерін заңнамалық қамтамасыз ету жұмыстарына баса назар аударды.
А.Ничкасов Қазақстан Президентінің Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі ауқымды бастамасы барлық интеграциялық үдерістердің дамуына серпін беретінін және Қазақстанның барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын, ал Елбасының G-Global сияқты, басқа да ірі жобаларының халықаралық жоғары беделге ие екенін тілге тиек етті.
Өз кезегінде Мәжіліс спикері елшіні Белоруссияның 2013 жылы ТМД-ға табысты төрағалық етуімен құттықтады.
Жүздесуде Қазақстан мен Беларусь арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды екіжақты деңгейде және ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ Парламентаралық ассамблеялары аясында одан әрі нығайтуға жіті көңіл бөлінді.