• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Ақпан, 2021

Бас бапкер Құралай Үзірова әлем чемпионатына кімдер баратынын айтты

190 рет
көрсетілді

Жақында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогінің кезеңі аяқталды. Команданың бас бапкері Құралай Үзірова халықаралық аренада ел намысын қорғайтын спортшылар жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ерлер арасында жекелей сын бойынша ел намысын Михаил Шайдаров қорғайтын болады. Бұл спортшы соңғы екі маусымда айтарлықтай деңгейін көтерді. Бүгінде Қазақстан чемпионы, еңбекқор, төрттік секіруді өте жақсы орындап, бағдарламасына қосып жүрген талантты спортшы.

Ал әйелдер арасындағы жекелей сайыс бойынша Ясмин Текик Қазақстан сапынан шығады. Мария Гречаная жасөспірімдер қатарында өнер көрсетеді. Ол күрделі каскадтар мен көп айналымды секірулерді жақсы орындайды. Екеуінің де жылдамдығы жоғары, еңбекқор. Қос қызымыз да жақында Болгарияда 28 ақпан мен 3 наурыз күндері Болгарияда өтетін "Sophya Trophy" жарысында бақ сынайды. Әлем чемпионатына қатысу үшін бәрін жасайды. 

Құрамада Максин Везерсби мен Темірлан Ержанов әлем чемпионатына қатысу үшін тиісті ұпайды еншіледі.

22 ақпаннан бастап АҚШ-та әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтайды. Өкінішке қарай,  жасөспірімдерден София Лукинская мен Данил Пак пандемияға байланысты халықаралық жарыстарға қатысқан жоқ. Десе де, жоспардан тыс ресейлік жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүрді», дейді бас бапкер.