Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», делінген хабарламада.