CTS 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында елорданың орталық жолақысын төлеу жүйесін жақсарту бойынша профилактикалық және техникалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«27 ақпаннан 1 наурыз сағат 09:00-ге дейін елорданың орталық жолақы төлеу жүйесін жақсарту бойынша CTS профилактикалық және техникалық жұмыстар жүргізеді», - делінген компания хабарламасында.
Техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде:
- корпоративтік сайт және Transcard мобильді қосымшасы арқылы көлік карталарының теңгерімі қашықтықтан толтырылмайды және тексерілмейді;
- екінші деңгейлі банктер мен серіктестердің барлық сайттары мен қосымшаларында көлік карталарының теңгерімін қашықтан толтыру және тексеру қызметі жүргізілмейді;
- заңды тұлғалардың корпоративтік порталы істемейді;
- қосымшалар автобустарды көрсетпейді;
- аялдама кешендерінің электрондық таблосында ақпарат көрсетілмейді;
- Transcard.kz сайты жеңілдікті және мектеп көлік карталарын шығаруға онлайн өтінімдерді қабылдамайды.
27 ақпан күні Орталық касса сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Техникалық жұмыстар кезінде RTVM автоматтарда көлік карталарын толықтыруға болады.