Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды Egemen.kz
«Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі», деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.