• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әдебиет 04 Наурыз, 2021

Қазақ жазушысының шығармалары әлемдік жинаққа енгізілді

Алматыда балаларға арналған И.Крылов атындағы кітапханада тұманды Альбионнан жеткен жаңа бір кітаптың тұсаукесері өтті. Халықаралық Қазақ ПЕН-клубының ұйытқы болуымен Лондонда басылған «The crossing end other stories» жинағына қазақ әдебиетінің классигі Сайын Мұратбековтің шығар­мала­ры еніп отыр. Кітап Алматы қаласы әкімдігінің демеушілігімен жарыққа шыққан.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев қатысып, қалалық әкімдік тарапынан қаламгерлерді қолдау мәсе­лесіне қатысты жұмыстарды атап өтті.

Жарты жылдан астам уақытқа созылған жұмыс нәтижесінде Сайын Мұратбековтің «Түнгі жауын», «Әже», «Бірінші қар», «Қысқы кеш», «Жастардың отауы», «Мұқтардың бүркіті», тағы да басқа әңгі­мелері, повестері мен  новеллалары ағыл­шын тіліне аударылып, осы жинаққа топтас­тырылып отыр. Жинақты ағылшын тіліне аударған Саймон Холлингсворд болса, редакторы Саймон Гейган.

Халықаралық Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің айтуынша, алдағы уақытта бұл жинақ «Біз – қазақтар... Қазақ әдебиетінің классикасы» үздік шығармалар сериясымен жалғасын таба беретін болады. 250-300 данамен басылатын қазақ қаламгерлерінің шығармалары Amazon интернет-дүкенінде орналастырылып, Оксфорд, Кембридж, Лондон универ­ситеттерінің кітапханаларынан орын алуда. Бұл өз кезегінде қазақ әдебиетінің әлемдік қауымдастықтағы беделін арттыра түседі.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар