• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2021

Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген

388 рет
көрсетілді

Өткен жылы Түркістан облысы аумағында 16 заңсыз құрылыс нысандары сүрілген. Оның ішінде, 6 нысан сот шешімдерімен, 10 нысан түсіндірме жұмыстары арқылы меншік иелерінің өз еркімен бұзылған-ды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тарту Байтұрсынов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өткен жылы өңір көлемінде 715 жоба бойынша нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Оның ішінде 356 нысанның құрылысы бюджет қаражаты есебінен, 348 нысанның құрылысы жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен және 11 жоба инвестициялық қаржы есебінен салынуда. Сондай-ақ басқармада 2020 жылы заң талаптарын сақтамай салынған 84 құрылыс нысанына тексеру жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтар негізінде ҚР-ның ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 153 хаттама бойынша жауапқа тартылған», деді Т. Орынтайұлы брифингте.

Оның айтуынша, заң талаптары сақталмағаны үшін жалпы салынған айыппұл көлемі 28 935 945 теңгені құрайды. Негізінен, басқарма тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Аталған қызметтер 2019 жылдан бастап 100 пайызға электронды түрде көрсетілуде. 

Өткен жылы құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 1096-өтініш қабылданған.