Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz
«Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинды және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр. Президент Жарлығымен Смолин Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, судья Әбнәсіров зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отставкаға шығу туралы өтініш берді», деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.