• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2021

Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді

333 рет
көрсетілді

Семейде тағы бір ірі қаржы пирамидасы анықталды. Ақмолада қаржы пирамидасы арқылы қазақстандықтарды 70 миллион теңгеге алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Көкшетау қаласының полициясына 65 жастағы жергілікті тұрғын арыз жазған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел интернет-ресурстардың көмегімен алдау арқылы 63 мың теңгесін қолды қылған. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу жүргізді.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 48 жастағы көкшетаулық әйел 2020 жылы WhatsApp-та ақша пирамидасын ұйымдастыру үшін топ ашқаны анықталды. Онда Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болған. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асады. Әйел өз кінәсін мойындады», деді полиция өкілдері.