8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Рейстер Б-737 әуе кемесімен дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.