4 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Испания, Венгрия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 621 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 108 адам, анықтамасыз 513 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 412 жолаушы, анықтамамен – 1 100, анықтамасыз - 312; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 995 жолаушы, анықтамамен - 794; анықтамасыз - 201. Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 67 жолаушы анықтамамен келген. Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 3 жолаушы анықтамамен келген. Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 144 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.Анықтамасыз келген 356 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.