• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Наурыз, 2021

Теннисші Александр Бублик Доха турнирін сәтті бастады

213 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Доха АТР 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 201-орында тұрған, негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған үндістандық Рамкумар Раманатанмен кездесті. Бірінші партияда А.Бублик 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте тағы да брейк жасай білді. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, еш қиналған жоқ – 6:2. Бәсеке 1 сағат 13 минутқа созылды. А.Бублик екінші айналымда әлемнің 14-інші, осы доданың 5-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агут немесе рейтингте 39-сатыдағы америкалық Рейлли Опелканың біреуімен шеберлік байқасады.