• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2021

Естісе де, естімегендей болып жүретін әкімдер бар

207 рет
көрсетілді

Ақпан айында "ADAL" партиясы 7 млн.астам респондент қатысқан сауалнама қорытындысы бойынша республиканың 182 әкімдігіне хат жолдады. Деректер әкімдіктер бюджетті қалыптастыру кезінде халықтың қажеттіліктерін ескеруі үшін жіберілді.

Бір ай ішінде тек 25 әкімдік қана жауап жазса, оның тек 12-сі ғана хатқа толыққанды жауап қайтарған. Яғни, әкімдіктер көп жағдайда «Сіздің хатыңыз қабылданды» деген шаблондық жауап жазады немесе бюджеттік бағдарламадан үзінді береді.

 

«Еститін әкімдер бар, естісе де  естімегендей боп жүретін әкімдер бар, мүлдем естігісі келмейтін әкімдер бар», - деді «ADAL» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

 

Бір ай қорытындысы бойынша «естуші мемлекет» тұжырымдамасы, өкінішке орай, кейбір әкімдіктер тарапынан орындалмай отырғанына көз жеткіздік.

Әкімдіктердің «хатқа қалай жауап беру керек?» деген сұрақпен жүгінуі де өкініш туғызбай қоймайды.