• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Наурыз, 2021

Мұғалімін пышақпен қорқытқан оқушы ұсталды

538 рет
көрсетілді

Францияның Мец қаласындағы лицейлердің бірінде пышақпен қаруланған оқушы тұтқындалды. Ол мұғалімді өлтіремін деп қорқытқан. Бұл туралы Egemen.kz TASS агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жергілікті BFM телеарнасының хабарлауынша, студенттің өзі полицияға мұғалімді өлтірмек ниеті барын хабарлаған. Сол себепті де ол қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.