• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 12 Наурыз, 2021

«Білім-инновация» лицейінің оқушысы Халықаралық математика олимпиадаларының жүлдегері атанды

368 рет
көрсетілді

Көкшетаулық оқушы математикадан екі Халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы наурыздың 9-10 аралығында онлайн режимде Азия-Тынық мұхиты 33-ші Халықаралық математика олимпиадасы және «Жібек жолы» 20-шы Халықаралық математика олимпиадасы өтті.

Аталған зияткерлік олимпиадаларды өткізудің негізгі идеясы – математика ғылымдары саласында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, сондай-ақ қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту. Оған Қазақстаннан барлығы 150 оқушы қатысты.

Оның ішінде Ақмола облысының намысын Көкшетау қаласындағы «Білім – инновация» лицей-интернатының оқушылары Мират Хамитов, Әлихан Мұқашев, Дидар Дәулетбай, Әділхан Алпысбай, Арслан Даминов және Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандырылған мектеп-интернатының оқушысы Дидар Қабылбек қорғады. Олимпиада қорытындысы бойынша «Білім – инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арслан Даминов Азия-Тынық мұхиты 33-ші Халықаралық математика олимпиадасында үшінші орын және «Жібек жолы» 20-шы Халықаралық математика олимпиадасында екінші орын алды.

Айта кетейік, түрлі деңгейдегі білім беру жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы Арслан Даминов Қазақстан-Британ техникалық университеті грантының иегері.