• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Наурыз, 2021

Сауран қалашығы абаттандырылады

287 рет
көрсетілді

Ортағасырлық Сауран қалашығын абаттандыру жайлы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітованың төрағалығымен кезекті ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы өтті.

Басқосуға «Әзірет Сұл­тан» мем­лекеттік та­рихи-мәдени қо­рық-му­зейінің директоры Нұр­­болат Ах­метжанов, Оты­рар мем­лекеттік архео­логиялық қорық-музейінің дирек­торы Жан­гелді Ма­қа­шев, Түркістан қала­сы әкі­­­мінің орынбасары Жандос Тасов және «Қаз­қай­та­жаңғырту» меке­ме­­сінің өкілдері мен та­рих­шы, ғалымдар, мер­ді­гер ме­кеме басшылары қатысты.

Басқосу барысында Қожа Ахмет Ясауи ке­се­не­сі аума­­ғындағы т­ари­хи орын­дарды қай­та жаңарту, жаң­ғырту жө­ніндегі жобаларды үйлес­тіру, ор­та­ғасыр­лық Сауран қала­шығын абаттандыру, Са­­­­пар орталығын салу жә­не туристік әлеуетін арт­­­­­тыру, Күлтөбе қала­шы­­­­ғының цитадель бө­лі­гі­нің жабынын ретке кел­­­­тіру, Отырар қала­шы­ғын­дағы қайта жаң­ғырту жұмыстары бойынша мә­селелер талқыланды.