• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 15 Наурыз, 2021

Президент халықаралық шарттар туралы заңға қол қойды

1110 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1-бап. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №10, 35-құжат; 2007 ж., №4, 34-құжат; 2010 ж., №17-18, 109-құжат; 2011 ж., №7, 54-құжат; 2014 ж., №2, 13-құжат; №23, 138-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; 2019 ж., №2, 6-құжат; 2021 жылғы 24 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) кіріспедегі «өзге де заңнамалық акті­лерiне» деген сөздер «өзге де заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

«20-1-бап. Қазақстан Республикасының ратификацияланған қолданыстағы ха­лық­­аралық шарттарының Қазақстан Респуб­ликасының заңдарымен арақатынасы

Қазақстан Республикасы ратификациялаған және қолданыстағы болып табылатын Қа­зақстан Республикасының халықаралық шарт­­тарының оның заңдары алдында ба­­сымдығы болады және халықаралық шарт­тан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа кезде тікелей қолданылады.»;

3) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакция­да жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының халық­аралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларында көзделген өзге де жағ­дайларда:

1) халықаралық шарттардың қолданысы осы Заңның 28 және 29-баптарында көзделген тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін;

2) Қазақстан Республикасының халық­аралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды тоқтата тұруы тү­рінде осы Заңның 29 және 30-баптарында көз­делген тәртіппен қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдануы мүмкін.»;

4) 24-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 28, 29 және 30-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«28-бап. Қазақстан Республикасы халық­аралық шарттарының қолданысын тоқтату

Қазақстан Республикасы халықаралық шарт­тарының қолданысын тоқтату ха­лық­аралық шарттардың ережелерiне сәйкес немесе барлық қатысушылардың келiсi­мi­мен кез келген уақытта, сондай-ақ халық­ара­лық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асы­рылады. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша «Қа­зақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Қа­зақ­стан Республикасы Сыртқы істер минис­тр­лігінің интернет-ресурсында жария­ланады.

29-бап. Қазақстан Республикасы халық­аралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы ұсыныстар

Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарт­тарын немесе олардың жекелеген ере­желерін орындауды Қазақстан Респуб­ликасының қарымта шаралар (қарсы ша­ралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарт­тарының қолданысын олардың қол­данысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ере­желерін орындауды оларды орындау Қа­зақстан Республикасының қарымта ша­ралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәр­тібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қай­та бастау, Қазақстан Республикасы халық­аралық шарттарының күшін жою халық­аралық шарттардың өздерінде көр­сетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Прези­дентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бо­йынша өз құзыреті мәселелері бойынша:

1) Қазақстан Республикасының Прези­дентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қол­данысын тоқтата тұру, Қазақстан Респуб­ликасы атынан жасалған халықаралық шарт­тарды немесе олардың жекелеген ере­желерін орындауды Қазақстан Респуб­ликасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар береді.

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бо­йынша Қазақстан Республикасының Үкі­метіне Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкі­меті аты­­нан жасалған халықаралық шарт­тар­дың қолданысын тоқтата тұру, Қазақ­стан Республикасы немесе Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Рес­пуб­ликасының қарымта шаралар (қар­сы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқ­татыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақ­стан Республикасы немесе Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі атынан жасалған ха­лықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды және:

1) Қазақстан Республикасының Прези­дентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолда­нысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қа­рымта шаралар (қарсы шаралар) қабыл­дауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолда­нысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жа­салған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орын­дауды оларды орындау Қазақстан Респуб­ли­касының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұр­ғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;

2) Қазақстан Республикасының Президен­тімен келісу бойынша Қазақстан Респуб­ликасының Парламентіне Қазақстан Респуб­ликасы атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;

3) Қазақстан Республикасының Пар­ла­ментіне Қазақстан Республикасының Үкі­меті атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді.

Қазақстан Республикасының ор­та­лық мемлекеттік органдары өз құзы­реті мәселелері бойынша Қазақстан Респуб­ликасының Сыртқы істер министрлігіне өздерінің аты­нан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарт­тарды немесе олардың жекелеген ере­желерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта ша­ралар (қар­сы шаралар) қабылдауы тәр­тібімен тоқ­тата тұру, өздерінің атынан жасалған ха­лықаралық шарттардың қолданысын мұн­дай шарттардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды мұндай шарттарды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қа­былдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мем­лекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісілген ұсыныстар береді.

Қазақстан Республикасының Сырт­қы істер министрлігі Қазақстан Республи­ка­сының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Рес­публикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарт­тарды немесе олардың жекелеген ере­желерін орындауды Қазақстан Респуб­ликасының қарымта шаралар (қар­сы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының ор­та­лық мемлекеттік органдары атынан жа­салған халықаралық шарттардың қол­да­нысын олардың қолданысы тоқтатыла тұр­ғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақ­стан Республикасының қарымта ша­ралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәр­ті­бімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бас­тау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған ха­лықаралық шарттардың күшін жою тура­лы ұсыныстарды қарайды және олар бойынша мұндай халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұрудың, мұндай ха­лықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұрудың, Қазақстан Республикасының о­рталық мемлекеттік органдары атынан жа­салған халықаралық шарттардың қол­данысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ере­желерін орындауды оларды орындау Қазақ­стан Республикасының қарымта шара­лар (қарсы шаралар) қабылдауы тәр­тібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, мұндай халықаралық шарттардың күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар береді.

30-бап. Қазақстан Республикасы халық­аралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы шешімдер қабылдау

Қазақстан Республикасының ратифи­кацияланған халықаралық шарт­тарының күшін жою туралы заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республи­касының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ере­­желерін орындауды Қазақстан Респуб­ликасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қол­данысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халық­аралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта ша­ралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәр­тібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қай­та бастау, Қазақстан Республикасы халық­ара­лық шарттарының күшін жою туралы шешімдерді:

1) Қазақстан Республикасы атынан жа­салған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Үкі­меті қабылдайды;

3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Респуб­ликасы орталық мемлекеттік орган­дарының бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.

Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ере­­желерін орындауды Қазақстан Респуб­ликасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарт­тарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ере­желерін орындауды оларды орындау Қазақ­стан Республикасының қарымта шара­лар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарт­­тарының күшін жою туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер ми­нистрлігінің ұсынуы бойынша «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 наурыз

№ 18 – VIІ ҚРЗ