Павлодар қаласында зейнеткерді қоғамдық көліктен итеріп шығарып жіберген кондуктор бұзақылық үшін жауапқа тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Осыған байланысты автопарк қызметкері қарт жолаушымен төбелескені үшін он тәулікке дейін қамауға алынады.
Instagram желісінде жарияланған кондуктордың бейнежазбасын тәртіп сақшылары тексерді. Онда әйел бейәдеп сөздер айтып, зейнеткерді автобустан итеріп шығарып жібереді.
«Кондукторға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды», деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі. Бұл бап бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл немесе он тәулікке дейінгі қамау жазасы тағайындалған.