• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2021

Атырау облысында 15 пәтерді тонағандар ұсталды

719 рет
көрсетілді

Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Құлсары қаласында жүргізген жедел іс-шара кезінде екі күдіктіні ұстады. Ұсталғандар 15 пәтерді тонады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz

«Іс-шара кезінде пәтер ұрлығы қылмысына күдікті 1995 және 1994 жылы туған екі тұрғын ұсталды. Олар – Құлсары қаласының тұрғындары. Тексеру кезінде күдіктілердің Жылыой ауданында тіркелген 15 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Сондай-ақ, күдіктілерден алтын бұйымдар мен электрондық техникалар табылып, тәркіленді», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.