• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2021

Түркістанда уланып көз жұмған 5 адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

4596 рет
көрсетілді

Түркістан облысында бір отбасының 5 мүшесінің газдан уланып көз жұму оқиғасына қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы Egemen.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Улы газдан бір отбасының бес бірдей мүшесі қаза болып, біздің облыста үлкен резонанс тудырды. Бүгінгі таңда бұл қылмысты жасады деген күдіктілердің бірі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол газ орнату фирмаларының бірінде директор. Тиянақты жүргізілген тергеу жұмыстарының аясында оның іске қатысы бар екені дәлелденді. Біз күдіктілер санының артуын жоққа шығармаймыз. Сондықтан тергеу жалғасады», деп атап өтті Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.