• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Кино 17 Наурыз, 2021

Румын жұртшылығы қазақстандық кинематографтың шеберлігін жоғары бағалады

174 рет
көрсетілді

Румынияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар сериясын өткізу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Алғаш рет виртуалды режимде өтіп жатқан Бухаресттегі қазақстандық кино кинофестивалі аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты массагет патшайымының өмірі туралы баяндайтын көркем фильмінің көрсетілімі өтті.

Кинофестивальдің жаңа форматы Румыниядағы көптеген көрермендерге тікелей эфирге қосылуға және румын тілінде субтитрі бар тарихи фильмді көруге мүмкіндік берді. Бұл ретте кинофестивальдің алғашқы фильмі румын жұртшылығының оң пікірлеріне ие болған.

2021 жылдың 17-18 наурызында румын көрермендеріне Қазақстандық режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» және Рашид Сүлейменовтың «Қарашаңырақ» фильмдері ұсынылады.