Кеше Қатар астанасы Дохада үстел теннисінен Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды. Аталған сын қазақстандықтар үшін лицензия алуға соңғы мүмкіндік болмақ.
Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындарына берілетін жолдама үшін Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева және Анастасия Лаврова таласады. Бір айта кетерлігі, Олимпиада жолдамасын тек турнир жеңімпазы атанған спортшылар ғана иеленеді. Осыдан бірер күн бұрын Дохада өткен әлемдік іріктеуде қазақстандық теннисшілер бірінші кездесулерінде-ақ ұтылып қалған еді.