• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Наурыз, 2021

Түркияда топ жарды

123 рет
көрсетілді

Түркияның Ыстанбұл қаласында мә­ре­сіне жеткен жүзуден ересектер мен жастар арасындағы халықаралық тур­нир қазақстандық спортшылар үшін табысты аяқталды.

Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясында өткен байрақты бәсекеде біздің спортшылар 11 медаль жеңіп алды. Атап айтар болсақ, Дмитрий Баландин 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде топ жарса, 50 метрге баттерфлай жарысында күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал осы әдіспен 100 метрге жүзуде Әділбек Мусин тұғырдың биік сатысынан көрінді. Сонымен қатар ол 50 және 100 метрге жүзуде күміс жүлдені жеңіп алды. 50 метрге еркін әдіспен жүзуде Александр Варакин бірінші орын алды.

Әйелдер арасындағы жарыста да жерлес­теріміз аянып қалмады. Брасс әдісі бойынша 50 метрді Аделина Пчелинцева бірінші болып жүзіп өтсе, 100 метрге жүзуде күміс медаль ие­ленді. Тағы бір отандасымыз Анастасия Рез­ванцев 200 метр қашықтықта екінші болды.