Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 26-27 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды.Тауда абай болыңыздар», делінген ведомстваның хабарламасында.