• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Наурыз, 2021

Экология министрлігі мен «Росгеология» пайдалы қазбаларды іздеуде ынтымақтастықты күшейтеді

159 рет
көрсетілді

Бұл туралы қазақстандық делегацияның Мәскеуге жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев, «Қазгеология» ҰГК» АҚ Басқарма Төрағасы Анвар Боранбаев және «Росгеология» АҚ Бас директоры – Басқарма Төрағасы Сергей Горький кездесті.

Осылайша, Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарында пайдалы қазбаларды іздеу және барлау саласындағы ынтымақтастықты дамытуда уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, «Қазгеология» ҰГК» АҚ мен Қазақстан аумағындағы серіктестер бірлесіп құрған сервистік жобаларға қатысу мәселелері талқыланды.