Елордада 25 наурыздан 26-сына қараған түні 76 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қар күреу жұмысына 1 148 арнайы техника мен 188 жол жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Соңғы күндері елордада айлық нормадан бірнеше есе көп қар жауды. Нұр-Сұлтанның коммуналдық қызметтері екі ауысымды режимде жұмыс істеп жүр. Өткен тәулікте қаладан 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды.
Бүгін елордада қар күреу жұмысына 1 800-ден астам жол жұмысшы мен 1 500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, ереже бойынша бірінші кезекте жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелердің қары күреледі. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. орындар тазартылады.
Жиналған қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған. Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан 4 774 244 текше метр қар шығарылды.