• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Видео 26 Наурыз, 2021

Жетісайлық тракторшы қыз көпшілікті тәнті етті

1145 рет
көрсетілді

Қазақтың қыздары қай салада болмасын өзінің іскерлігімен көпке үлгі бола білген. Социалистік Еңбек Ері, атақты механизатор Камшат Дөненбаева секілді апаларының жолын жалғап жүрген қыздардың бірі ретінде Жетісай ауданы «Қызылқұм» елді мекенінің тұрғыны Арай Асылбекқызын айтуға болады.

Ол қазіргі таңда Түркістан қаласындағы жоғары оқу орнының 1 курс студенті.  Тіс дәрігері мамандығы бойынша білім алып жатыр.

- Қызымның бала кезінен тракторға деген  қызығушылығы болды. Он екі жасынан трактор айдап үйренді.  Ұлдарымның біреуі оқуда, біреуі жұмыста жүрген кезде қасымда үнемі серік болып көмектесіп жүрді. Жер жыртудан бастап егістікке дейін қасымда жүретін көмекшім дейді, - әкесі Ақыншаев Асылбек.                                                                                                                                                                                                                             

- Бала кезден бастап жеңіл көлікке қарағанда, осы техникаға қызығушылығым көп ауды. Күніне шамамен 10 гектарға дейін жер жырту, тырмалау секілді жұмыстарды атқарамын. Аз кем техникалық ақаулықтарын өзім жөндей беремін. Табиғатыңа жат демей  үйреткен әкем мен ағаларыма рахметімді айтамын дейді, - тракторшы қыз Арай.