Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия, Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстан мүше мемлекеттер болып табылатын Халықаралық Түркі академиясы бюджетіне міндетті жарналардың шәкілі туралы хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Түркияның «Ресми» газеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Айта кету керек, Халықаралық Түркі академиясына мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия тараптармен келсілген үлестер бойынша міндетті жарналар төлейді.
Дипломатиялық арналар арқылы құрылтайшы елдерге мемлекет ішіндегі процестердің аяқталғаны туралы хабарламалар жіберілуге тиіс. Осыдан кейін аталған Хаттама 30 күн ішінде күшіне енеді.