• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Президент 22 Қараша, 2016

Елбасы Чехия сыртқы істер министрін қабылдады

7985 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Чех Республикасының Сыртқы істері министрі Любомир Заоралекпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Чех Республикасы мемлекеттілігінің жеңіл қалыптасу үрдісін бірегей құбылыс деп атауға болады. Еуропадағы экономикалық қиындықтарға қарамастан елдеріңіз қазіргі уақытта қарыштап дамып, Еуропалық Одақ пен НАТО-ға мүше болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Л.Заоралек Қазақстан Президентіне Чехия Президенті М.Земеннің хатын табыстады және оның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.