Үкіметтің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талғат Жанжүменов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Ленин комсомолы атындағы Вольское жоғары әскери тыл училищесін, РФ ҚК Тыл және көлік әскери академиясын, РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірген.
Еңбек жолын ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметте бастаған. 2019 жылы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды. 2019 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.