• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Наурыз, 2021

«Алтай» – бес дүркін ел чемпионы

190 рет
көрсетілді

Павлодарда волейболдан әйелдер коман­далары арасында кезекті Қазақ­стан чемпионаты мәресіне жетті. Плей-офф қорытындысы бойынша Өс­кеменнің «Алтай» клубы үздік шықты.

Биыл 29 мәрте ұйымдастырылған ел біріншілігінің плей-офф кезеңіндегі бар­лық кездесуде жеңіске жеткен «Алтай» Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанды. 2005 жылы құрылған Өскемен клубы бұған дейін 2016, 2017, 2018 және 2019 жылдары бас жүлдені олжалаған болатын. Ал екінші орынға былтырғы чемпионатта топ жарған Талдықорғанның «Жетісуы» ие болды. Үздік үштікті Петропавлдың «Қуаныш» командасы түйіндеді. Айта кетейік, «Қуаныш» тұңғыш рет Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері қатарынан көрінді.

Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша, «Жетісу» ойыншысы Надежда Кодо­ла мен «Қуаныш» клубының намысын қо­р­ғайтын Светлана Парукова турнирдің «Үз­дік шабуылшысы» атағын иеленді.