• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2021

Су тасқынына дайындық қалай?

376 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының су нысандарының жағдайы тұрақты бақылауда. Қауіпсіз су тасқыны кезеңін өткізу бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

Биылғы жылдың 31 наурызында толассыз жауған жаңбыр әсерінен «Қапшағай» су қоймасына 32,14 млн. м3-ге  дейін су жиналған болатын. Осыған байланысты «Қазсушар» РМК Түркістан филианының мамандары, Бәйдібек ауданының жергілікті әкімшілігі, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы, сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізіп, бақылауға алды.Айта кетсек, Бәйдібек ауданындағы «Қапшағай» су қоймасының жобалық көлемі   34,5 млн. м3. 31 наурыз күнгі таңғы мәлімет бойынша нөсер жаңбырдан кейін қоймаға келген су көлемі 47,4 м3/сек болып, жиналған су көлемі 32,14 млн. м3-ге жетті.  «Қапшағай» су қоймасының 31 наурыздағы сағат 17:00-дегі мәліметке сәйкес жағдайы су қоймасына келген су көлемі 20,0 м3/сек, жиналған су көлемі 33,7 млн. м3. Қапшағай су қоймасындағы бөгетте су өткізу қабілеті секундына 120,0 текше метр болатын қалыпты су деңгейінде (НПУ) өз еркімен су тастайтын апатты қашыртқы бар.Түркістан магистарлды каналы  «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық мекемесі меншігінде. Бүгінгі күнгі таңғы мәлімет бойынша Бөген су қоймасынан Түркістан магистралды каналына шыққан су көлемі 40,0 м3/сек. Қапшағай су қоймасынан Түркістан магистарлды каналына төнетін ешқандай қауіп жоқ. Қапшағай су қоймасы мен Түркістан магистралды каналының ара қашықтығы 65 шақырым. Түркістан магистралды каналына Қапшағай су қоймасынан шыққан су көлемінің жету уақыты  2 тәулікті құрайды.        Қазіргі таңда ешқандай қауіп қатер жоқ. Арнайы техника тексерілді және инертті материалдар қоры жасақталды, байланыс құралдарымен толық қамтамасыз етілді. Су қоймасының техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су қоймасы толық бақылауға алынды. Тиісті мамандар кестеге сәйкес жұмыс істеуде.