Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген Елжан Біртановтың адвокаты экс-денсаулық сақтау министрінің денсаулығы нашарлағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді. Қазіргі таңда оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы бұрынғы бас дәрігердің қорғаушысы Дмитрий Куряченко «Астана» арнасының тілшілерне берген сұхбатында айтты. Сондай-ақ оны үй қамағында негізсіз ұстап отырғанына наразы.
Оның айтуынша, тергеу органдарының әрекеті істі объективті жүргізуге емес, Біртановты қудалауға бағытталып отыр. Сондай-ақ ол экс-министрдің ақша жымқыру және ысырап ету фактісіне нақты дәлелдің жоғын алға тартты.– Керісінше, оның кінәсіздігін растайтын фактілер жетерлік. Негізгі күдік хорватиялық «Эриксон Никола Тесла» компаниясының интеграцияланған Денсаулық сақтау платформасының жеткізушісі жасаған болжамдарға негізделген. Алайда, тіпті «EGOV» сайтында азаматтар анықтаған медициналық мекемелерде тіркеу туралы жақында болған жанжал платформаның жұмыс істеп тұрғанын растайды. Бас прокуратура Біртановты қорғаудың өтінішін қолдап, тергеу туралы «Эриксон Никола Тесланың» қатысуымен қайта сараптама тағайындады, – дейді бұрынғы министрдің адвокаты.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде Елжан Біртанов бюджет ақшасын ірі көлемде жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын.