• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әдебиет 01 Сәуір, 2021

Сөз сойыл: Пара берсең...

209 рет
көрсетілді

Пара берсең...

Парақорлар халықты алдап

«жем» жейді,

Ақша бермей, қоғамда ісің

өнбейді.

Дүниеге келген кезде

жас сәби,

Дәрігерге ақша берген

жөн дейді.

Балабақша тізім тізе бастайды,

Балаңызға орын табу

бас қайғы.

Басшысына бермесеңіз

«сыйлығын»,

Есіктерін балаңызға ашпайды.

Студент шақ «сессия»

деп сынайды,

Мұғалімдер тағы пара сұрайды.

Орналасу тіпті қиын жұмысқа,

Пара сұрап ұмытқандар

Құдайды.

Осыны ойлап сары уайымға

батасың,

Жемқорлардың тілдеп,

сөгіп атасын.

Ажал жетіп өлгенде де, о, тоба! 

Пара берсең,

кең қабірге жатасың.

 

Ақсындар ТАБЫЛДЫҚЫЗЫ

Маңғыстау облысы